Әнші Бүркіт екінші ұлына сахабаның есімін қойды
Әнші Бүркіт екінші ұлына сахабаның есімін қойды
8 жыл бұрын 7214 ҚазАқпарат

Әнші Бүркіт жақында өмірге келген сәбиіне Омар деп ат қойды, - деп хабарлайды Baistars.kz.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. Бұл есімді әншінің әкесі таңдапты.

"Ал, құрметті ағайын, достар, жерлестер! Атасы азан шақырып, немересінің есімін Омар деп қойды. Екінші ұлымның есімі Омар Бекжігіт. Алла разы болсын! Дені сау үлкен азамат болып өссін. Елінің сүйікті ұлы болсын! Атсалысқан достарға үлкен алғысым! Сіздер барда біз бақыттымыз, халқым", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын әнші Бүркіт пен оның жұбайы Аиша екінші рет ұлды болды. Жұптың бұдан өзге Зеиін есімді ұлдары бар.

7 пікір
  • бауыры берік болсын
    8 жыл бұрын
  • Үлгі алатын адам көп. Ұлдарына пайғамбарлардың да атын қойып жатқан адамдар жетерлік. Мен ылғи жалаңаш қыздардың арасында жүретін дәл әнші Бүркітті үлгі ретінде жазбас едім сайтқа.
    8 жыл бұрын
  • Бүркіттің жұмаға келгенін өз көзіммен көріп едім, қайта елге танымал осындай тұлғалардан үлгі алсақ қанеки
    8 жыл бұрын
  • Әр адамның жақсы тұсын көргеніміз абзал болар
    8 жыл бұрын
  • Бауы берик болсын! Жасы узак бакытты болсын!!!
    8 жыл бұрын
  • Атына сай азамат болсын.
    8 жыл бұрын
  • Малдың аласы сыртында, адамның аласы ішінде, дейді. Кімнің тақуалығы қай деңгейде екені Аллаға ғана аян. Адамдардың бойындағы жақсылықты көре білейік.
    8 жыл бұрын
Мұрағат