Әлемде тұңғыш рет теріні жасартатын шоколад сатылымға шықты
Әлемде тұңғыш рет теріні жасартатын шоколад сатылымға шықты
8 жыл бұрын 3044 ҚазАқпарат

АҚШ пен Еуропаның дүкен сөрелерінде ерекше шоколад пайда болды. Кәрілікке қарсы Esthechoc шоколадын британдықтар ойлап тапқан болатын. Қазір оның бір орамасын 54 долларға сатып алуға болады, деп жазады 24.kz.

Esthechoc-ты жеген адамның бойында қартаю үдерісі баяулап, терісі жас күйінде ұзақ сақталады. Әйелдер жағы болса, оны тұрақты жеген жағдайда терісі түлеп, құлпырып шығады екен. 

Терінің жасаруы үшін бұл өнімнің құрамына астаксантин табиғи антиоксиданты қосылған. Бұл зат табиғи түрінде алтын балық пен қоқиқазда кездесіп, олардың түр-түсін үнемі әдемі етіп тұрады, деп жазады informing.ru.  Ерекше антиоксиданттың көмегімен тері қабатындағы қан айналымы жақсарып, жаңарып, ол үнемі өз қалпын сақтап қалады.

0 пікір
Мұрағат