Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін көне Құран табылды
Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін көне Құран табылды
8 жыл бұрын 3369 Islam-today

Бирмингем университетінен табылған қасиетті Құранның көне нұсқасының жұрнағы Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі игілігі болсын) ең жақын серіктерінің бірі болған саңлақ сахаба Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін. Мамандардың топшылауынша, 1370 жыл толған көне Құран жұқанасы өзге қасиетті кітаптардың арасынан табылған. Малдың терісінен иленген пергаменттегі сүрелер мен аяттар араб қарпінің ежелгі түрімен жазылған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл Құран біздің дәуіріміздің 568-654 жылдары жазылған болуы мүмкін. Ислами білім беру қорының бас директоры Жамал бин Хурейбтың айтуынша, бұл Құран мұсылмандардың алғашқы халифасы Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін. Ал көне Құран жұрнағы табылған аталмыш жоғарғы оқу орнының профессоры әрі ислам және христиан діндерін зерттеп жүрген ғалым  Дэвид Томас басқаша пікір білдірді. Бұл көне Құран жұрнағы Әбу Бәкір (р.а.) қайтыс болғаннан кейін 20 жылдан соң хатқа түскен.

0 пікір
Мұрағат