2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленушілерге өтемақы төленеді
2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленушілерге өтемақы төленеді
4 жыл бұрын 2666

Жәбірленушілерге қордан өтемақы төлеу өндіріп алушыға қатысты жасалған құқық бұзушылықтың санатына қарай 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін бір реттік төлем түрінде іске асырылады.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жасалған құқық бұзушылықтың санатына қарай жәбірленушілерге 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін бір реттік төлем түрінде өтемақы төленетін болады, деп жазады ernur.kz порталы Елорда Инфо ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Өтемақы сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға, қылмыстардың нәтижесінде денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарға, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңның 6-бабында көзделген Қылмыстық кодекстің баптары бойынша жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленуші құқықтары берілген адамдарға тағайындалады.

Жәбірленушілерге қордан өтемақы төлеу өндіріп алушыға қатысты жасалған құқық бұзушылықтың санатына қарай 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін бір реттік төлем түрінде 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап іске асырылады.

«Адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап 3 жылдың ішінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын, өзіне қатысты өтемақы тағайындауға құзыретті мемлекеттік органға өтінішпен жүгінуге құқылы», деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

2018 жылы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңның қабылдануымен елімізде қылмыстардан материалдық зардап шеккен, алайда, қылмыстың ашылмауы немесе қылмыскердің соттан жасырынуы себепті өтемақыны өндіріп алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға шұғыл қажетті көмек көрсетуге арналған институт құрылды.

0 пікір
Мұрағат