Ұйқысыздық өлімге апарып соқтыра ма
Ұйқысыздық өлімге апарып соқтыра ма
4 жыл бұрын 2373 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар шала ұйқының нақты себебін атады. Бұл жайында Evo-rus.com ақпарат көзі хабар таратты. Шыбын мен тышқанға жүргізілген тәжірибе барысында ұзақ уақыт бойы ұйықтамағаннан өлімге әкелетін себепті тапты. Бұрын дәлелденгендей, шала ұйқыдан адамдар мен жануарлардың денсаулығына зақым келеді. Алайда, осы уақытқа дейін шала ұйқының өлімге әкелетініне көз жеткізбеген еді. Америкалық ғалымдар генетикалық тұрғыдан модификацияланған жәндіктерді белгілі бір температурада ұйқысыздыққа бастайтын нейронға әсерін тигізетін протеиннің үстемеленген экспрессиясымен қамтамасыз еткен еді. Бұл жайт 29 °C-та шыбынның ұйықтай алмауына апарып соқтырды. Арада он күн өткен соң шыбын ұйқысыздықтан өлді. Тәжірибе басталғанына жиырма күн өткен соң бірде-бір тіршілік иесі тірі қалған емес. Ғалымдар келесі тәжірибеден ұйқы көрмеген шыбынның ішегінде оныншы күнде оттегінің белсенді түрінің молекула деңгейі едәуір көтерілгенін байқаған. Ал ұйықтай алған шыбынның ішегіндегі оттегінің белсенді түрінің деңгейі төмендеген. Кеміргіштерге де жүргізілген тәжірибе де осындай нәтиже көрсетті.

0 пікір
Мұрағат