TOGG – Түркияның осы заманғы электромобилі (фото)
TOGG – Түркияның осы заманғы электромобилі (фото)
2 жыл бұрын 2734 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

2010-шы жылдары Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған отандық автокөлік маркасын құрастыруды бастама етіп көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2017 жылы TOGG автокөлік құрастыру компаниясы құрылды, бұл атау компанияның аббревиатурасына да айналдырылды: Türkiye’nin Otomobili Girişim Grubu A.Ş. (Түркияның автокөлік кәсіпорны» корпорациясы). Бұл атау, сонымен қатар, автокөліктің өзіне де берілді. 2020 жылдың шілде айының 18-і күні Бурса провинциясына қарасты Гемликте TOGG автокөлігін құрастыратын зауыттың іргетасы қаланды. 2019 жылдың желтоқсан айының 27-сі күні Гебзе қаласында мемлекет басшысы TOGG-тың екі моделінің тұсаукесеріне қатысып, жұртшылық назарына ұсынды. Бұл екі моделдің бірі – кроссовер, ал екіншісі – седан. Екеуі де электромобил. Түріктердің алғашқы партиясы 2022 жылы саудаға шығарылады - C-SUV типті автокөлік. Оның екі нұсқасы болады: толық жетекті (төрт доңғалағы бірдей айналады) және артқы жетекті (тек екі артқы доңғалағы айналады). Екі нұсқасы да сағатына 180 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Артқы жетекті нұсқасында 200 аттың күші, ал толық жетектісінде 400 аттың күші бар. Толық жетектісі орташа есеппен 4,8 секундта 0-ден 100 шақырымға дейін қозғалады, ал артқы жетектісі – 7,6 секундта. Бір батарея зарядындағы қуат қоры 500 шақырымға жетеді (толық жетектісінде), артқы жетектісінде - 300 шақырым. TOGG заряды 30 миунтта қуатталады. Автокөліктің техникалық жабдықталуында мін жоқ: түріктердің өзі әзірлеген жаңарып тұратын программасы бар. Бұдан бөлек, TOGG автоматтық басқару жүйесімен жабдықталған – жолда кедергі кездессе, өздігінен тоқтап, өздігінен қозғалады. Ал 2023 жылы ол «голографиялық көмекпен» жабдықталады – алдыңғы панелде голографтық бейне немесе кескін түрінде жәрдемге келетін электронды қызмет. Осы технология көмегімен көлік жүргізушісі жолға, экологияға қатысты ақпарат ала алады. 2030 жылға қарай TOGG автокөлігінің 5 түрлі моделі шығарылады.

0 пікір
Мұрағат