Дубайда ұшатын автокөлік сынақтан сәтті өтті (видео)
Дубайда ұшатын автокөлік сынақтан сәтті өтті (видео)
2 жыл бұрын 3458 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Bellwether Industries

Дубай қаласында британиялық Bellwether Industries компаниясының eVTOL типіндегі екі адамға шақталған Volar ұшатын автокөлігі сынақтан сәтті өтті. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Bellwether Industries компаниясының бұл көлік құралы тігінен қалықтау, жерден көтерілу және қону үшін электр энергиясын пайдаланады. Қашықтан басқарылатын прототип Біріккен Араб Әмірлігінің астанасында жерден 4 метр биіктікте сағатына шамамен 40 шақырым жылдамдықпен бірнеше рет ұшқан болатын. Болашақта Volar автокөлігінің ұшу жылдамдығын мамандар сағатына 321 шақырымнан асыруды көздеп отыр. Bellwether Industries компаниясының инженерлері мұнымен ғана тоқтап қалмай, оны төрт адам сиятындай етіп қайта құрастырады. Ол ол ма, бұл автокөлік 900 метр биіктікте сағатына 217 шақырым жылдамдықпен ұшатын деңгейге жетпек. Аккумулятордың бір заряды бойынша ұшу уақыты 90 минутқа жетеді, 600 келіге дейін жүкті алып жүре алады. Volar гиперкары 2028 жылы саудаға шығарылады.

 

0 пікір
Мұрағат