Тіршілік иесін генетикалық тұрғыдан жобалауға жол ашатын тәжірибе нәтижесі сәтті шықты
Тіршілік иесін генетикалық тұрғыдан жобалауға жол ашатын тәжірибе нәтижесі сәтті шықты
4 жыл бұрын 2535 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Беркли қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары адамзат тарихында тұңғыш рет күрделі, көп жасушалы организмге гендік редакциялау жүргізіп, оған мүлдем жаңа функция жүктей алды. Аталмыш тәжірибе нәтижесінде кәдімгі жеміс ұшасы (шыбын) у дарымайтын әрі жыртқыштарға қауіпті тіршілік иесіне айналып шыға келді. Басынан бастасақ, сүттіген деген өсімдік бар, ол эволциялық дамуында өзіне еш зиянсыз жолмен аталған өсімдіктің уын жинаған монарх көбелегінен өзге жәндіктер маңына жолай алмайтын, яғни, жәндіктер уланып өлетін өсімдік. Монарх көбелек бойындағы осынау уды өзіне шабуыл жасаған жыртқыштарға қарсы қорғаныш, қалқан ретінде пайдаланады.  Ғалымдар артынан анықтағандай, бұл жердегі бар гәп  жәндіктердің қырылуына соқтыратын сүттіген уының әсерінен өзгеретін жасушадағы натрилік сорғы режимінде жатыр. Ғалымдар бұл сорғының қалай жұмыс істейтінін зерделей келе оны «қайта бағдарлауға» болатынына көз жеткізеді. Ол үшін бар-жоғы бір ғана генді – ондағы  үш нуклеотидты редакцияласа жетіп жатыр. Алайда, бұл арада бірін тастап, бірін өзгертуге болмайды – яғни, тізбектілігі маңызды – алғашқы екі мутация уға қарсы төзімділікті біртіндеп арттырғанымен жүйке жүйесі зардап шеккен болатын. Ал үшінші нуклеотидті түзеген кезде бұл ақау жойылды. CRISPR ген редакциялау құралының көмегімен осылайша шыбынды уға төзімді етіп шығарды. Ғалымдар жәндікті қадағалай келе оның сүттігенге төзімділігі 1000 есеге артқанын байқайды. Тіпті, бұл эффекті личинкадан толыққанды жәндікке айналу кезінде де сақталған болатын. Бұл жаңалық өз кезегінде тіршілік иелерін болашақта гендік тұрғыдан жобалауға мүмкіндік бермек. Яғни, гендік тұрғыдан редакцияланған тіршілік иелеріне ғана емес, сонымен қатар адамзат үшін маңызы зор факторларды қалыптастыруға көмектеседі.

Плодовая мушка

0 пікір
Мұрағат