Тамшының зат бетіндегі жылжу құпиясы ашылды
Тамшының зат бетіндегі жылжу құпиясы ашылды
2 жыл бұрын 1232 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Неміс ғалымдары гидрофобты беттегі (құрғақ заттың немесе су жұқтырмайтын заттың беткі жағында) тамшылардың қозғалысында беттегі энергия мен тұтқыр үйкелістен басқа статикалық электр (статикалық электр - заттардың бетіндегі электр зарядының артуы) тоғының маңызды рөл атқаратынын дәлелдеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Physics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Макс қоғамының Полимерлерді зерттеу институтының және Дармштадт техникалық университетінің бір топ физиктері тамшылардың әртүрлі беттерде қозғалу жылдамдығының айырмашылығын капиллярлық және тұтқыр серпімді күштер де «түсіндіре» алмайтынын анықтады. Ғалымдар беткі қабаты бірдей бірнеше субстратта тамшылардың түрлі жылдамдықта жылжығанын алға тартып отыр. Мұның сыры неде? Тамшылардың есептелген межесінен нақты жылжу траекториясынан неліктен аутқитынын түсіндіру үшін фиизиктер қосымша күш енгізіп көрген екен. Дәлірегі, ғалымдар бұл тарапта өзінше тамшылар «жарысын» ұйымдастырған. Ғалымдар түрлі заттың беткі жағынан жылжыған көптеген тамшыларды таспаға тартып алды. Ғалымдар әр қозғалыс үшін жылдамдық пен үдеу профилдерін анықтады, ал қосымша күшті анықтау үшін бұрыннан белгілі болған күштерді есептеді. Талдау нәтижесі бұл жаңа күш мәнінің ғалымдар бірнеше жыл бұрынғы моделде алғаш рет сипаттаған электростатикалық өзара әрекеттесумен сәйкес келетінін көрсетіп берді. Аталмыш зерттегу атсалысқан Стефан Вебер есімді ғалымның айтуынша, тәжірибе нәтижелерін осы сандық моделмен салыстыра отырып, бұрын түйіскен тамшылардың траекториясын түсінуге болады. Ғалымдар атап өткендей, бұрын бейтарап болған тамшылар изолятордың үстінен сырғысы, олар электрмен зарядталуы мүмкін. Екінші жағынан, электр өткізгіш бетінде тамшы өзінің зарядын дереу субстратқа қайтарады. Осылайша бұрын ешкім ескермеген электростатикалық күштің қозғалысқа көп әсер ететіні белгілі болды: оны барлық тексерілген (яғни, қаупсіздігі тексерілген) гидрофобты беттерде (су өткізбейтін) су, сулы электролиттер және этиленгликол үшін ескеру қажет. Физиктердің сөзіне қарағанда, бұл тараптағы зерттеу нәтижелері көптеген қолданбаларда, соның ішінде басып шығаруда, микрофлюидтерде және, тіпті, шағын тамшы генераторларымен қуат өндіруде тамшыларды бақылауды жақсартуға көмектеседі.

Ұқсас материал:

«Тамшының тасты қалай тесетіні зерттелді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tamshynyn-tasty-qalai-tesetini-zertteldi-16628/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат