Балдырды қақталған балыққа айналдыру жолы табылды
Балдырды қақталған балыққа айналдыру жолы табылды
2 жыл бұрын 1298 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

IFF-Dupont компаниясы SimpliiGood стартапымен бірге барлық органолептикалық қасиеттері бойынша ысталған ақсерке балығына сәйкес келетін спирулинадан тағам жасау технологиясы әзірленді. Бұл жайында islam.kz порталы SimpliiGood ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды балық еті 100% балдырдан тұрады, яғни, бір миллиграм болса да шынайы балық еті кездеспейді. Бұл азық өз кезегінде ақсерке балығы кездеспейтін өңірлерде немесе қымбат тұратын қлкелерде үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін. IFF-Dupont жасыл балдырды – спирулинді өндірумен айналысады, Израилдің аквафермаларында өнеркәсіптік ауқымда өсіріледі. Бір жылда 50 тоннаға дейін балды алынады, ең маңыздысы – оларды өсіруге жұмсалған судың 98% қайта пайдалануға болады. Мұндай өндірістің су тапшы, құрғақшылық тән аймақтар үшін маңызы зор. Спирулинаның өзі ерекше дәмге ие емес, бірақ, ол дәрімендер мен микроэлементтердің қайнар көзі болып саналады. SimpliiGood компаниясы жаңа спирулинаға балықтың түрі мен құрылымын ғана емес, сонымен қатар, ысталған ақсерке дәмі мен хош иісін беретін емдік шаралар кешенін әзірлеумен айналысады. Жасанды балық еті үшін химикаттар қолданылмайды, аталған балыққа тән етінің түсіне балдырда кездесетін бета-каротинді босату арқылы қол жеькізуге болады. Жасанды балық еті құрамының 40%-ы ақуыздан тұрады, сол себепті, нағыз балықты алмастыратындай ққнарлы болып келеді.

0 пікір
Мұрағат