Смартфонды УЗИ-аппарат жасалды (видео)
Смартфонды УЗИ-аппарат жасалды (видео)
6 жыл бұрын 3697 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта смартфон медициналық мақсатта, яғни, диагноз қоюда, науқастар мәліметін сақтауда, тасымалдауда, т.б. жағдайларда жиі қолданылатын болды. Сондай құрылғылардың бірі саналатын Butterfly iQ - шағын келген ультрадыбысты аппарат. Бұл құрылғы арқылы адамның түрлі ағзасын бақылауға болады. Аппарат гинекология, жүрек немесе урологиялық зерттеуде пайдалануға болады. Сөз реті келгенде айта кетейік, өзіміз көріп жүрген УЗИ-аппарат тым қымбат тұрады, яғни, ең озық моделін 100 мың доллардан аса бағаға сатып аласыз. Ал мына америкалық инженерлер ойлап тапқан шағын аппаратты екі мың долларға жетпейтін қаражатқа сатып ала аласыз. Мұндай аппараттың арзан болуы ең алдымен дәрігерлерге тиімді. Науқастарды УЗИ-ге түсіру үшін сандалтып, әуреге салмайды, екіншіден, кез келген дәрігердің қалтасынан табылатын болады. Бұл өз кезегінде олардың жұмысын жеңілдетеді, уақытын үнемдейді, т.б. Бұл құрылғының қажеттілігін тамыр хирургы Джон Мартин өзінің мойнында қатерлі ісік бар екенін анықтап, дәлелдеп берді. "Мұндай қалта құрылғысымен біз төсектен тұрмай-ақ бәрін істей аламыз. Қалтаңнан шығарып, денеңді сканерлеп шықсаң болғаны",- деді 

0 пікір
Мұрағат