Сиыр етін жасанды етпен ішінара алмастырудың өзі орманның оталуын екі есе қысқартады
Сиыр етін жасанды етпен ішінара алмастырудың өзі орманның оталуын екі есе қысқартады
2 жыл бұрын 889 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Неміс ғалымдарының бұл тараптағы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бүгінде тұтынылып жүрген сиыр етінің 20%-н жасанды етпен алмастыру жайылымдық жер үшін орманның оталу аумағын екі есеге қысқартып, көмірқышқыл газының осынша мөлшерінің сіңірілуіне ықпал етеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта неміс және швед ғалымдары тағам өнеркәсібінің түрлі даму сценариі мен оның климатқа әсерін моделдеп көрген екен. Дәлірегі, ғалымдар болашақтағы адамзаттың өсу қарқыны мен азық-түлікке деген сұраныстың, сондай-ақ, жерді игеру мен пайдалану және ауыл шаруашылығы динамикасының компьютерлік имитациялық моделін құрған еді. Ғалымдар осы күнгі тұтыну деңгейін ескере келе жыл сайын етті тұтыну көрсеткішінің артатынын әрі осыған байланысты, яғни, жайылым жер үшін оталатын орман аумағының ұлғая беретінін алға тартып отыр. Азық-түлік жүйесі – әлем бойынша атмосфераға парникті газды бөлуде үшінші орында тұрғанын, соның ішінде ет өндірісінің айрықша орын алатынын айта кеткен жөн. Бұл проблеманы еңсеру үшін ғалымдар «микробты ақуыз» деп аталатын биотехнологияны пайдалануды ұсынып отыр. Бұл арада микроорганизмдер істеп шығаратын ет құрылымы бар нәрлі және ақуызға бай биомасса турсында сөз болып отыр.

0 пікір
Мұрағат