Күн энергиясын сутекті отын түрінде сақтайтын әдіс табылды
Күн энергиясын сутекті отын түрінде сақтайтын әдіс табылды
2 жыл бұрын 1830 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кескін: Yang Bai et al., Angewandte Chemie

Стратклайд университетінің химиктері күн сәулесінің әсерінен судан «жасыл» сутегін алу үшін иридия жүктелген конъюгацияланған полимер фотокатализаторын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы немістердің Angewandte Chemie химия қоғамының мерзімді басылымына және onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стратклид университетінің ғалымдары иридия негізіндегі фотокатализаторды пайдалану өз кезегінде судың көрінетін жарық әсерінен оттегі мен сутегіге ыдырауына әкелетінін көрсетті. Ғалымдардың пайымдауынша, осылайша күн энергиясын сақталатын сутегі отынына айналдыруға болады. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Себастьян Сприк есімді ғалымның айтуынша, фотокатализатор судан сутегі түрінде сақталатын энергия тасымалдаушысын жасау үшін эндергоникалық реакциялар арқылы күн энергиясына қол жеткізе алады. Содан кейін сутегі экологиялық тұрғыдан отын ұяшығында электр энергиясына айналуы мүмкін. Химиктер бұл сутегіні өндіру үшін құрбандық агенттерін пайдаланбайтын алғашқы зерттеу екенін атап өтті. Құрбандық агенттер - электрондардың рекомбинацияға бейімділігін төмендететін және сутегі өндірісінің жылдамдығын жеделдететін электрондық донорлар. Мұндай элементтерді пайдалану өз кезегінде сутегі синтезін  басқаруға көмектеседі, алайда, процесті энергетикалық тұрғыдан тиімсіз етеді. Бұл жаңалық несімен құнды? Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық сутегі энергетикасын дамытудың жаңа бағытын айқындап, жаңа белеске көтереді. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, сутегі бұрынғыша табиғи газдан өндіріледі. Ал бұл жайт атмосфераға парникті газдың бөлінуіне ықпал етеді. Күн энергиясын сутегі отынына «айырбастаудың» баламалы тетігі тәуелсіз және экологиялық таза энергетиканың дамуына ықпал етеді.

0 пікір
Мұрағат