Шаруаларға суды үнемдеуге мүмкіндік беретін технология пайда болды
Шаруаларға суды үнемдеуге мүмкіндік беретін технология пайда болды
2 жыл бұрын 1975 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мамандар бұл технологияның, әсіресе, қазіргі климаттық өзгерістер мен су тапшылығы кезінде маңызды екенін атап өтті. Бұл жайында islam.kz порталы Jpost ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израильдік SupPlant агротехнологиялық компаниясы фермерлерге суды үнемдеуге мүмкіндік беретін инновациялық суару жүйесін ұсынып отыр. Бұл арада өсімдіктерден, топырақтан және метеорологиялық сенсорлардан алынған нақты деректерді талдайтын жетілдірілген алгоритмді пайдаланатын Plant-Sensing жүйесі турасында сөз отыр. Бұл құрылғы осы деректер негізінде нақты шешім шығарады, яғни, қаншалықты суды шығындауды есептеп береді. Аталған компанияның бас директоры Ори Бен Нера жаһандық жылынудың бүкіл әлем үшін төтенше салдары бар екенін атап өтті. Ал оның ауыл шаруашылығы мен фермерлерге тигізетін кері әсері орасан зор болмақ. Айлап, жылдап болатын құрғақшылықтан азық-түлік қауіпсіздігі әлсірейді. Ал бұл жайт өз кезегінде ресурс үшін болатын талас-тартысты арттырып, ықтимал соғыс қатерін арттырады. SupPlant бұл мәселені бірегей және қарапайым жолмен шешеді. Оның көмегімен шаруалар ауа райына емес, өсімдіктердің жағдайына қарап шешім қабылдайтын болады. Яғни, технология шаруаларға астықты өсімдікті қашан және қанша суару керектігі жөнінде кеңес береді.

Ұқсас материалдар:

«Катарлық Heenat Salma фермасы шөл далада көкөніс өсіру технологиясын жетілдірді» (https://islam.kz/kk/news/alem/katarlyq-heenat-salma-fermasy-shol-dalada-kokonis-osiru-tehnologiyasyn-jetildirdi-17493/#gsc.tab=0);

«Ғаламдық азық-түлік дағдарысының алдын алу» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galamdyq-azyq-tulik-dagdarysynyn-aldyn-alu-17461/#gsc.tab=0);

«Ас атасы нан емес, картоп – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/gylym/as-atasy-nan-emes-kartop-zertteu-16627/#gsc.tab=0);

«ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/gmo-osimdik-klimat-dagdarysynan-qutqarady-16401/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат