Қатал тәрбиенің бала ДНҚ-сын зақымдайтыны белгілі болды
Қатал тәрбиенің бала ДНҚ-сын зақымдайтыны белгілі болды
2 жыл бұрын 1877 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қатаң ата-аналардың балалары ДНҚ-ның метилдену деңгейінің жоғарылауына байланысты депрессияға және суицидке бейім келуі мүмкін. Мұндай қорытындыға белгиялық ғалымдар 12-16 жас аралығындағы 44 ұл мен қыз қатысқан зерттеу барысында келді. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы тұста оқырманға түсінікті болу үшін ДНҚ-ның метилденуіне аз-кем тоқтала кетпекпіз: ДНҚ метилденуі - нуклеотидтер тізбегінің өзгермесе де оның молекуласының модификациясы орын алатын биологиялық процесс. Қарапайым тілмен айтқанда, ДНҚ-ның белгілі бір бөліктеріне шағын молекулалық белгілерді бекіту. Әдетте, бұл генді өшіруге әкеледі, дегенмен, басқа нұсқалары да орын алуы мүмкін. ДНҚ-ның метилденуі және басқа модификациялары адам айналасында, өзінде, т.б. болып жатқан жағдайға сезімтал келеді, дәлірегі, жағдайға қарай геномды жеке тәжірибеге сәйкес реттейді. Мысалы, қатты аштықты бастан өткерген адамның денесі май қорын жинақтауды бастауы мүмкін - келесі жолы. Одан да сорақысы: мұндай параметрлер әкесінен баласына беріліп, тұқым қуалайтын факторларға айналу қатері болады. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқан жасөспірімдердің екі тобы таңдалды: біріншісі – баланы бетінен көп қақпай тәрбиелейтін ата-аналар тобындағы жөспірімдер; екіншісінде жиі жазаланатын, яғни, қатаң тәрбиеленетін, соның ішінде психологиялық манипуляция жасалатын жасөспрімдер. Тәжірибеден соң олардың ДНҚ үлгісі алынып, 450 аймағының метилденгенін сараптаған. ДНҚ-ның метилденуі барлық организмде кездесетін биологиялық процесс, алайда, ДНҚ-дағы модификацияланған учаскелер көбейген сайын күйзеліске ұрындырып, адамның өз-өзіне қол жұмсау қаупін арттырады. Белгиялық зерттеушілер қатаң тәрбие көрген жасөспірімдердің ДНҚ-сынан осыны анықаған. Бұдан бөлек, баланың ДНҚ-сы қатты стрестен де метлиденеді. Бұл оның келешегіне кері әсерін тигізуі мүмкін белгілі бір әдеттерді тудыруы мүкін.

Ұқсас материалдар:

«Баланы ұрып-соғып тәрбиелеу бала миының дамуын тежейді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/balany-uryp-sogyp-tarbieleu-bala-miynyn-damuyn-tejeidi-15244/#gsc.tab=0);

«Бала кезде алған жан жарасы мен тән жарақатына қатысты ақпарат оның ұрпағына да берілетін болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bala-kezde-algan-jan-jarasy-men-tan-jaraqatyna-qatysty-aqparat-onyn-urpagyna-da-beriletin-bolyp-shyqty-14725/#gsc.tab=0);

Психологиялық зақым алған әйел мен баланың ДНҚ-сы өзгереді  (https://islam.kz/kk/news/gylym/psihologiyalyq-zaqym-algan-aiel-men-balanyn-dnq-sy-ozgeredi-16322/#gsc.tab=0);

«Балаларды күш қолданып тәрбиелеуге басыбүтін тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/balalardy-kush-qoldanyp-tarbieleuge-basybutin-tyiym-salynady-12804/)

0 пікір
Мұрағат