Парацетамолдың қатері қандай?
Парацетамолдың қатері қандай?
2 жыл бұрын 1800 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар кеңінен танымал әрі ауруды басатын дәрі-дәрмектің ішіндегі ең қауіпсізі саналатын парацетамолдың қатерлі ерекшелігін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Medicalx Press (medicalxpress.com сайты) ақпарат көзі мәлім етеді. Парацетамол ауыр дертке шалдықтыруы мүмкін әрі кейбір адамдарға қауіп төндіреді. Ғалымдардың айтуынша, парацетамол қан қысымын көтеріп, жүрек ауруларының пайда болу қатерін арттырады. Мамандар гипертониядан зардап шегетін науқастарға аталмыш дәріден бас тартуға немесе тұтынбауға кеңес береді. Ғалымдар бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізіп, өз еркімен келісімін берген қан қысымы жоғары адамдарға аталған дәріні ішкізіп көрген екен: бірінші топтағылар плацебо (сол дәрі деп берледі, науқас шынайы дәрі деп қабылдап, сенімінің арқасында жазылып жатады), екінші топтағыларға күніне 1 грамм парацетамол ішкізеді. Нәтижесінде парацетамолды қабылдағандардың қан қысымы едәуір артқан. Ғалымдар бұл дәріні ұдайы ішкен адамның инсульт алуы мүмкін екенін ескертеді.

0 пікір
Мұрағат