Орман өртін сөндіруге арналған өзгеше технология пайда болды (видео)
Орман өртін сөндіруге арналған өзгеше технология пайда болды (видео)
3 жыл бұрын 3201 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзат қарасының көбеюінен антропогендік факторлар жиі орын алып, нәтижесінде адамзаттың өзіне қарсы түрлі факторларды тудыруда. Сондай факторлардың бірі – климат өзгерісі, бұған адамзаттың өзі кінәлі (99 пайыз), жаһандық жылыну салдарынан әлемдік экологиялық жүйенің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл ойнайтын, атап айтқанда, биологиялық әралуандылықты сақталуда, атмосферадағы көмірқышқыл газын сіңіруде маңызды рөл ойнайтын орман-тоғайдың жайылым мен егістік алқабы үшін жаппай оталуынан бөлек, адамдардың кінәсінен жиі қайталанатын орман өртін ауыздықтау немесе алдын алу мүмкін болмай барады. Осыны ескерген қытай ғалымдары адам қолы жете қоймайтын қиын шатқалдар мен қалтарыстардағы өртті сөндіруге арналған электрлі-магнитті зеңбіректі жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы China Arms ақпарат көзіне және Global Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 122-мм-лік электрлі-магниттік зеңбірек электрлі магнитті импулстің көмегімен от тұтанған жерге снаряд атады. Өзге өрт сөндіруге арналған құрылғыларға қарағанда электрлі магнитті зеңбірек түтін мен шу шығармайды, оны тасымалдау мен сақтауда арнайы жағдайда қажет етпейді. Бұдан бөлек, ол қауіпсіз әрі арзан.

0 пікір
Мұрағат