Лазермен сағатына 100 мың арамшөпті жоятын робот құрастырылды (видео)
Лазермен сағатына 100 мың арамшөпті жоятын робот құрастырылды (видео)
3 жыл бұрын 1423 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар Laserweeder деп аталатын автономды роботты жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім  етеді. Аталмыш құрылғы ауыл шаруашылығы үшін құрастырылған – егістік алқабындағы арамшөптерді лазермен күйдіреді. Ол зиянкес өсімдікті анықтау үшін жасманды зердеге негізделген камераны пайдаланады. Сағатына 100 мың арамшөпке дейін түп-тамырымен жоя алады. Машақаты мен мехнаты көп әрі көзге көрінбейтін өнімсіз тірлік титықтатын ауыл шаруашылығы үшін құрастырылған бұл техникаға компьютерлік жанар мен терең зерделеу технологиясын енгізілген – нақты уақыт аралығында нені жойып, нені аман қалдыру керектігін ажыратуы үшін. Сөз орайы келгенде айта кету керек, арамшөптер жылдан жылға бой бермей барады, дәлірегі, гербицидке төзімділігі қалыптасқан арамшөптер бұрынғы деңгейіне қарағанда қаптап-қаулап шығатын болған. Фермерлер аласыздан қатерлі ісік тудыратын шлифосат, Паркинсон дертін шақыратын паракват секілді химикаттарды қолдануға мәжбүр. Химиялық заттар тек адам денсаулығына ғана емес, сонымен қатар, топырақтың құнары мен құрамына айтарлықтай зиянын тигізеді. 4535 келі тартатын бұл құрылғы 150 ватты лазермен жабдықталған, мұндай қуатқа ие лазермен темір кесуге болады, секундына 20 рет ата алады. Құрылғы жасанды зерде жүйесіне жалғанған 12 камердің көмегімен жұмыс істейді. Айдалы өсімдік пен зиянды өсімдікті ажырата алады. Laserweeder GPS және компьютердік жанардың көмегімен егістік алқапты тауып, жолында кездескен кедергіні LIDAR көмегімен анықтай алады. Ол сағатына 8 шақырым қашықтықпен жылжи алады. Күніне 60 мың шақырым жерді арамшөптен тазарта алады. Дегенмен егістік алқаптарының бірінен екіншісіне ауысуы үшін немесе өзге де күрделі жағдайларда адамның көмегін қажет етеді. Фермерлер GPS-үйлестіруші геозонмен жабдықтаса, машина егістік алқабынан айдалаға «лағып» кетпейді. Құрылғы түн қараңғысында да жұмыс істей береді, бұл мақсатта жарық шашатын қуаты жоғары шам арқылы арам шөпті таба алады.

0 пікір
Мұрағат