Кофе қалдығын электрге айналдыру тәсілі табылды (видео)
Кофе қалдығын электрге айналдыру тәсілі табылды (видео)
3 жыл бұрын 1854 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы Суррея университетінің ғалымдары кофе өндірісінен қалған қалдықты өңдеп, электр энергиясын алды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кофе өндірісінде пайда болатын арық су қоршаған ортаны ластап, экологиялық жүйеге зиянын тигізеді. Осыны ескерген ғалымдар бұл проблеманы шешудің жолдарын іздестірген. Бұл тарапта ғалымдар электр өндіретін арнайы бактериялардың көмегімен арық суын сүзгіден өткізуді ұйғарып отыр. Ғалымдардың айтуынша, бактериялар суды толық сүзгіден өткізбейді. Соған қарамастан олар бактериялар осынау аса құнды ресурсты (суды) қайта пайдалануға мүмкіндік береді әрі қоршаған ортаны ластайтын затты шамамен 30%-ға азайта алады. Сондай-ақ, микроорганизмдер электр энергиясын өндіретіндіктен бұл электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл процесс үшін қажетті құралды арзан материалдардан да жасауға болады, мәселен, креамика немесе қышты пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат