Жусан қатерлі ісікті 16 сағатта жоқ қылады
Жусан қатерлі ісікті 16 сағатта жоқ қылады
9 жыл бұрын 40725 egemen.kz

АҚШ-тың Калифорния шта­тындағы университет ғалымдары ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады. 

Бұл – қазақ сахарасының кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанында бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай құдіреті бар болып шықты.
Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтып отыр. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ракты толық құртып жі­береді.
– Тұтастай алғанда, зерттеу нәти­желері артемизинин препара­тының рак жасуша­ларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді, – деді зерттеу авторлары.
Ал Sanofi фармацевтік компаниясы осыдан бастап жылына 50-60 тонна артемизинин өндіріп тұратынын мәлімдеді.
Дәрі жасау өндірісінде бұрын осынау қышқылтым өсімдіктің сабағы мен жапырағы безгектен емдеудің өте күшті құралы ретінде пайдаланылып келген екен.
Еске сала кетейік, жақында АҚШ ғалымдары рак ауруларымен күресте революциялық деңгейдегі терапия табылып отыр­ғанын жариялаған болатын. Оның жусанмен қатысты екені енді ғана айтылып отыр. 

5 пікір
  • жусан иісін иіскемегелі көп болыпты. қазақ даласының иісі. туған иіс
    9 жыл бұрын
  • Жастығымның куәсі –
    Шұрқыраған ауылым.
    Жусаны мен жуасы
    Бұрқыраған ауылым.
    (Ел аузындағы ән мәтінінен).
    9 жыл бұрын
  • Мұны қалай пайдаланады екен? Қолдану әдісі жазылмапты. Қайдан білсек екен?
    9 жыл бұрын
  • Асылан, оны арнайы мамандардан /травники/ сұрастырып, анық-қанығын біліп алу керек. Жусанның өзі бірнеше түрі болады. Мәселен, мен туған өлкеде дәрмене деген түрі өседі. Иісі өткір, дәмі ащы болады. Жусан бітік шыққан жылғы мал өте қоңды, семіз болады. Сол дәрменеден дәрілік шөптер, сықпамайлар жасайды дейді.
    9 жыл бұрын
    • Ләйлә, көп рахмет сізге! Алла риза болсын! Дәрмене дегеніңіз дермене шығар, ә, Арыс жақта өсетін? Енді бұл жусанды біздің қазақ емге қолданды ма екен, сол қызық...
      9 жыл бұрын
Мұрағат