Жасушаның қартаюын тежейтін тәсіл табылды
Жасушаның қартаюын тежейтін тәсіл табылды
4 жыл бұрын 4421 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Гарвард университетінің ғалымдары жасушаның қартаюын тоқтататын әдісті тапты. Белгілі болғандай, бұл процесс хромосоманы зақымданудан сақтайтын ДНК ұшындағы теломер ұзындығының қысқаруымен байланысты болып шықты. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, PAPD5 фермент ингибиторы теломердің қысқаруын, осылайша организмнің қартаюын бәсеңдетеді. Мамандар теломераздың белсенділігін баяулататын әрі діңгекті жасуша репликациясын басып тастайтын генетикалық ауытқуды зерделеген болатын. Нәтижесінде адамның бойында туабітті дискератоз немесе өкпе фиброзы секілді ем қонбайтын аурулар пайда болуы мүмкін. Тәжірибе барысында анықталғандай, PAPD5 ингибиторы пробиркіде де (өсімдіктің діңгекті жасушасында), тірі организмде, яғни, табиғи ортада да теломерді қалпына келтіре алған еді. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материал жарияланған Cell Stem Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық өз кезегінде қартаюмен байланысты ауруларды емдеудің тың тәсілдерін табуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат