Жаңа қан тобы табылды
Жаңа қан тобы табылды
2 жыл бұрын 1744 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қан тобының біз білетіннен немесе ойлағаннан әлдеқайда көп екенін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған америкалық гематологтар қауымдастығының Blood мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сирек кездесетін антигенге қатысты 30 жылдық құпияны зерттеген ғалымдарр Er деп аталатын жаңа қан тобы жүйесін тапты. Сіздің қан тобыңыз белгілі бір антигендердің болуы немесе болмауы арқылы анықталады; адамдарға белгілі негізгі топтар: A, B, O және AB (оң және теріс). Дегенмен, қан топтарының аздап ерекшеленетінін айта кеткен жөн. «Қан тобы» термині эритроциттердің антигендерін қамтитын қан тобының бүкіл жүйесін білдіреді, олардың ерекшелігі гендер тізбегі арқылы бақыланады», деп айтылған аталмыш зерттеу материалында. Барлығы 44 қан тобы жүйесі бар, олардың соңғысын Бристол университетінің ғалымдары таяуда ғана ашты. Көптеген топтар бар, өйткені, олардың бетіндегі антигендер негізінде қызыл қан жасушаларын топтастырудың көптеген жолдары бар. Бұл бағытта ғалымдар Er деп аталатын эритроцит антигендерінің жеткілікті кең тараған коллекциясын зерттеді. Бұл антигендер алғаш рет шамамен 40 жыл бұрын ашылғанына қарамастан, олар белгілі қан тобы жүйелерінің ешқайсысына сәйкес келмейді. Er антигендеріне аллоантиденелер (бөгде эритроцит антигендері әсер еткеннен кейін арнайы өндірілген антиденелер) бар адамдарда жүргізілген зерттеуде олардың гендерді кодтайтын ДНҚ тізбегі талданды. Ғалымдар тобы осы адамдардағы эритроциттердің бетіндегі ақуыздың өзгерісін тудыратын Piezo1 ақуызын кодтайтын гендегі өзгерістерді анықтады. Ғалымдар жасушаны өңдеуге арналған ген редакциясын пайдалана отырып, Er антигенін экспрессиялау үшін Piezo1 протеинінің (ақуызының) қажет екенін дәлелдей алды және Erа бұрын танылған Erb және Er3 антигендерінен, сондай-ақ, Er4 және Er5 деп аталатын екі жаңа аурушаңдығы жоғары Er  антигендерінен тұратын өзінің қан тобының жүйесі екенін анықтады. Аллоантиденелердің болуы донор мен реципиент арасында сәйкессіздік болса, қан құю кезінде қиындық тудыруы мүмкін, сондай-ақ, жүктілік кезінде иммундық жүйеге шабуылды тудыруы әрі үжетуі мүмкін. Екі жаңа антиген, атап айтқанда, Er4 және Er5 ұрықтың және жаңа туған нәрестенің ауыр гемолитикалық ауруымен байланысты. Аталған зерттеу барысында таяуда табылған антигендерге аллоантиденелері бар екі жүкті әйелде түсік болғаны айтылған баспасөз хабарламасында. Мұндай зерттеулер сирек кездесетін қан топтарына арналған сынақтарды жүргізуге көмектеседі.

Ұқсас материалдар:

«Адамға ең қауіпті қан тобы анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamga-en-qauipti-qan-toby-anyqtaldy-11723/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-qaterli-isik-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-14962/#gsc.tab=0);

«Алжуға жақын қан тобы анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aljuga-jaqyn-qan-toby-anyqtaldy-16263/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобындағылар ұзағырақ өмір сүреді?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-tobyndagylar-uzagyraq-omir-suredi-14884/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-toby-infektsiyadan-jaqsy-qorgalgan-14632/#gsc.tab=0);  

«Адамның қан тобын медициналық тексерусіз анықтаудың бір тәсілі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-qan-tobyn-meditsinalyq-tekserusiz-anyqtaudyn-bir-tasili-aityldy-14486/#gsc.tab=0);

«Қан топтарының әрбіреуіне тән аурулар туралы деректің тағы бір парасы жарияланды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toptarynyn-arbireuine-tan-aurular-turaly-derektin-tagy-bir-parasy-jariyalandy-15535/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен 49 аурудың арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-49-aurudyn-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-15195/#gsc.tab=0);

«Әмбебап донор» қан тобы аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ambebap-donor-qan-toby-ataldy-15765/#gsc.tab=0);

«Барлық қан тобына жарамды жасанды қан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/barlyq-qan-tobyna-jaramdy-jasandy-qan-jasaldy-12455/#gsc.tab=0);

«Әлемде сақтаулы сирек қанның 10%-ы Иранда» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-saqtauly-sirek-qannyn-10-y-iranda-14715/#gsc.tab=0);

"Әлемде қанша адам «алтын қанға» ие" (https://islam.kz/kk/news/gylym/alemde-qansha-adam-altyn-qanga-ie-15140/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат