Жаман ойлаудың аса қауіпті салдары мен зардабы белгілі болды
Жаман ойлаудың аса қауіпті салдары мен зардабы белгілі болды
4 жыл бұрын 6388 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Лондон университеті колледжінің ғалымдары анықтағандай, жаман, яғни, негативті ойлау өз кезегінде адамның денсаулығына аса қауіпті зардабын тигізеді: деменцияның (алжудың) ем қонбайтын әрі өлімге апарып соқтыратын Альцгеймер ауруын асқындырады. Мамандардың жарыместіктің тағы бір жаңа себебіне қатысты ғылыми мақаласы Alzheimer's & Dementia мерзімді басылымында жарияланды. Бұл бағытта бірнеше жылға созылған зерттеуге қатысты тәжірибеге жасы 55-тен асқан 360 адам өз еркімен қатысты. Олардың бойындағы күйзеліс пен мазасыздық деңгейі ұдайы назарда болған. Олар өткен шаққа ой жүгіртіп, болашақтағы тағдырына уайымдаған. Сондай-ақ, олардың жадысы, қандай да бәр нәрсеге назар аударуы, ойы, т.б. тексеріліп отырды. 113 адам олардың тау-ақуызы мен бета-амилоидтың қатталу деңгейін анықтау үшін позитрондық-эмиссиялық томографиядан өтті. Белгілі болғандай, қайталанатын негативті ойлардан когнитивті қызметі төмендеген, яғни, жадысы нашарлаған, бұдан бөлек, Альцгеймер ауруына тән зиянды ақуыз агрегаты мида қаттала береді. Күйзеліс (депрессия) мен мазасыздық деменцияны өршітетіні белгілі – бұған ойлау жүйесі міндетті түрде өзінің әсерін тигізген.

0 пікір
Мұрағат