Инженерлер керекті деталдармен байланыспай құрастыру тәілін ойлап тапты: бөлшектер дыбыс әсерінен қозғалады (видео)
Инженерлер керекті деталдармен байланыспай құрастыру тәілін ойлап тапты: бөлшектер дыбыс әсерінен қозғалады (видео)
2 жыл бұрын 1106 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Nvidia және Disney Research сияқты компаниялар өз жұмыс нәтижелерін, дәлірегі, технологилық өнімдерін ұсынатын SIGGRAPH, компьютерлік графика мен интерактивті технологиялар бойынша маңызды конференцияда нысандарды физикалық байланыссыз жинау үшін акустикалық манипуляцияны қолданатын жүйе таныстырылды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. LeviPrint жүйесі ұсақ бөлшектерді, желім тамшыларын және кез келген ұзартылған таяқ тәрізді элементтерді алатын акустикалық өрістерді жасайды. Оларды манипуляциялауға және тікелей ауада бағдарлауға болады. Бұл - байланыссыз манипуляцияны қолдана отырып, 3D құрылымдарын жасауға арналған толық жүйе. Наварра мемлекеттік университетінің Асиер Марзо және Иниго Ескурдиа есімді ғалымдары аталмыш технологияны осылай сипаттап берді. «Біз күрделі объектілерді жанаспастан өндіруге арналған роботты қолмен және сұйықтық диспенсерімен үйлесетін левитаторды жасадық», - деді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Smart Cities институтының мүшесі Асиер Марзо. Бөлшектері машинамен тікелей байланыста болатын әдеттегі құрастыру және өндіру әдістерінен айырмашылығы, акустикалық манипуляция құрастыру процесінде бөлшектерді оларға тигізбей орналастыру және бағдарлау үшін қолданылады. «Біз ұсақ, нәзік бөлшектерді, сондай-ақ сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды өңдей аламыз, бұл процестерді жан-жақты етеді. Сонымен қатар, манипулятор материалға тимейтіндіктен, аз ластанады», - деді Асиер Марзо сөзін жалғап. LeviPrint-ті құрастырушылар атап өткендей, ұсақ бөлшектер мен тамшылардың левитациясы жаңа технология емес, алайда, ең жетілген нұсқасы деуге болады, өйткені, осы уақытқа дейін қолдағы бар нұсқалары қашықтағы нысандарды манипуляциялай алмаған – бұл жолғысы күшті, жеңіл және күрделі құрылымдарды жылдам және байланыспай құрастыру үшін сегменттерді, таяқтарды немесе арқалықтарды пайдалануға мүмкіндік береді. Ұсынылған әдістердің кейбірі ультракүлгін сәулелердің әсеріне ұшыраған кезде қатайтатын желімді қолдануды ұйғарады. Мысалы, жүйе шприцтен желім тамшыларын түсіру үшін акустикалық левиаторды пайдаланады. Тамшы құрылымның келесі бөлігі қосылатын орынға көтеріледі. Жүйе сегментті немесе бөлшекті алып, оны алдыңғысының жанына орналастырады, оны желімге қосады және жаңа бөлік құрылымға жабысатын етіп желімді кептіру үшін ультракүлгін сәулені пайдаланады. Ультрадыбыстық өріс маталар, торлар және басқа материалдар арқылы өте алады. Мысалы, зерттеушілер кішігірім тесік арқылы сыртынан материалдарды көтеру арқылы бөтелкенің ішінде кеме құрастырды. «Егер LeviPrint су ортасында жұмыс істеуге бейімделсе,  ол күрделі құрылымдарды жасушалық қоректік орталарда, мүмкін, тіпті, тірі тіршілік иелерінің ішінде жинай алады», деп түсіндірді ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат