Ғылыми жетістік: ғалымдар адам ойын оқудың жолын тапты
Ғылыми жетістік: ғалымдар адам ойын оқудың жолын тапты
2 жыл бұрын 1478 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Остиндегі Техас университетінің неврологтары адам ойын оқудың инвазивті емес әдісін жасау үшін функционалды магниттік-резонанстық томографияны (fMRI) қолданды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. fMRI көмегімен ғалымдар ми арқылы оттегімен қаныққан қан ағынын бақылаған. Белсенді ми жасушалары көп энергия мен оттегіні қажет етеді, яғни, осы ақпараттың арқасында адам миының белсенділігін жанама түрде өлшеуге болады. Ғалымдар сканерлеудің бұл әдісін қолдану арқылы нақты уақытта ми жасушаларының белсенділігін түзету мүмкін емес екенін атап өтті. Бұл тараптағы Зерттеу барысында адамның ойын оқуға арналған прокси өлшемді тапты. Әзірге неврологтар сөзбе-сөз аударма жасай алмағанымен адамның не ойлайтыны туралы ақпарат ала алған. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі Александр Хут бірнеше он жыл бұрын ғалымдар мұның мүмкін болатынын елестете де алмайтынын тілгетиек етті. Бұл бағыттағы тәжірибе аясында мамандар 20-30 жас аралығындағы үш адамның, бір әйел мен екі ер адамның миын сканерден өткізген. Жалпы алғанда, тәжірибеге қатысушылардың әрқайсысы 16 сағатқа жуық түрлі подкасттарды ойнап, радиохабарларын жазды. Аудио сеанс кезінде олар сканерде болды. Содан кейін жазбалар подкасттардағы үлгілер мен ми белсенділігі жазбаларын салыстыратын «декодер» деп аталатын арнайы компьютерлік алгоритмге қойылды. fMRI деректеріне сүйене отырып, алгоритм подкаст немесе радиошоу сюжетіне сәйкес келетін оқиғаны жасай алады. Басқаша айтқанда, мидың белсенділігіне негізделген «декодер» белгілі бір уақытта субъектінің нақты нені тыңдайтынын айтады. Бұл технологияны жетілдіру керектігін алға тартып отыр, өйткені, ол кімнің не істейтіні туралы шатасады. Болашақта мамандар «декодерді» сөйлей алмайтын немесе тере алмайтын адамдар пайдалана алатындай етіп жетілдірмекші.

0 пікір
Мұрағат