Google 10 мың адамды жасанды интеллект саласына тегін дайындайды
Google 10 мың адамды жасанды интеллект саласына тегін дайындайды
6 жыл бұрын 3010 7kun.kz Ajnj& Tech Viral

Google компаниясы Coursera білім беру платформасымен бірге онлайн-курс құрастырды. Ол бойынша  8-12 айда дилетант ірі IT-компанияда жұмыс істей алатындай болады, деп мәлімдеді Bloomberg.

Google компаниясы тегін білім беретін жаңа онлайн бағдарламаны іске қосады. Онда кәсіби білімі мен тәжірибесі жоқ болса да, 10 мың адам оқып, ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істей алады.

Бұл компанияның кадрларды қайта дайындау үшін іске асырып жатқан,  ірі стратегияларының тек бір бөлігі ғана. Айта кетейік, бұған олар 1 млрд доллар бөлген. Google компаниясының кадрларды қайта дайындау үшін тегін курс ашуының мәні –  жасанды интеллект саласын дамытуда қызметкерлердің жетіспеушілігіне байланысты.  Жыл сайын олар жасанды интеллект саласында білімі төмен қызметкерлерді жұмыстан шығарады.

Сондай-ақ, Google оқыту курсы компанияның көмекші персоналдарының жеке методтары негізінде құрастырылғанын атап өтті.

Бағдарлама Coursera онлайн білім беру платформасымен бірге құрастырылып, виртуалды лабороторияда тұрақты түрде практика жасауды ұсынады. Мысалы, егер тапсырмада Linux-қа проблема орнату айтылса, онда виртуалды зертханада соның программасы сізге қолжетімді болады.

8-12 айдан соң, осы курстан өткен әрбір адам, ірі IT компанияда жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

“Автоматтандыру себебімен, біз жұмыс орындарын қаншалықты қысқартқанымызбен,  болашақта карьераның жаңа биігіне “секіріп” шығуды қалайтындарға соншалықты  жағдай жасауымыз қажет” – деді Coursera басшысы Джефф Маггионкальд.

Fast company-дің жазуынша, бүгінгі күнде тек бір АҚШ-тың өзінде IT компанияларда 150 000  вакансия ашық. Сондықтан онлайн курсты бітірушілерді алдыда жұмысқа орналасу жағынан керемет болашақ күтіп тұр. Атап айтқанда, Bank of America, Walmart және Sprint қызметкерлерді мұндай сертификатпен жұмысқа алуға дайын екендігін мәлімдеген.

Сондай-ақ, The Economist Intelligence Unit-тің зерттеуінде  осы мәселеге байланысты: Егер жасанды интеллект әдістері мен адамның білімі бірін-бірі толықтыратындай болса, онда әр түрлі елдердің үкіметтері осы салада оқыту мен кадрларды қайта дайындауға қомақты сома бөле бастайды. Ал, бұл – барлығы үшін тиімді. Ал, егер қаржы салынбаса, біліктілігін көтермесе, онда жасанды интеллект адамдардың жұмыс орындарын алып қояды. Мұндай жағдайда Британия экономикасына 420 млрд доллар, ал Австралия экономикасына — 50 млрд доллар шығын келеді. АҚШ пен Азия экономикалары өсуін жалғастырады, бірақ күтілгеннен төмен болады.

Қания Табыс 

0 пікір
Мұрағат