Ғасыр жұмбағы (видео)
Ғасыр жұмбағы (видео)
6 жыл бұрын 4262 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден тікелей тақырыпқа көшпес бұрын алдымен "репликация" терминіне анықтама бере кеткенді жөн көріп отырмыз: replicatio — латыншадан тәржімалағанда тура мағынасын бермесе де "жаңғыру" ұғымына сай келеді. Электронды энциклопедиядағы анықтамасы: Реплика́ция - ДНК-нің аналық молекуласының матрицасындағы дезоксирибонуклеиндік қышқылдың еншілес молекула синтезінің процесі. Артынан орын алатын аналық жасушалардың бөлінуі барысында әрбір еншілес жасуша ДНК молекуласының бір көшірмесінен алады. Бұл көшірме бастапқы аналық жасушаға ұқсас болып келеді. Бұл процесс генетикалық ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді. ДНК репликациясын 15-20  "реплисомо" деп аталатын түрлі ақуыздан тұратын күрделі ферментті кешен жүзеге асырады. 

Адамзат қол жеткізген ең көрнекті ғылыми жетістіктің бірінен саналатын жаңалық - өткен жылдың маусым айында ғалымдар тарихта тұңғыш рет ДНК-нің бір молекуласының репликациясын таспаға тартып алды. Бұл көрініс өз кезегінде бірталай жаңа сауалдарды көлденең тартты. 

Нақты уақыт режиміндегі видеодан байқалғандай, "өмір іргетасының" (ДНК) процесінде "кездейсоқтықтың" үлесі неғұрлым көп болып шыққан. Бұл өз кезегінде түрлі сауалдар тудырды. Өйткені, "өмір іргетасында" кездейсоқтық деген ұғым атымен болмауы керек еді. Бұл генетикалық репликацияның мутациядан қалай қорғанатынын көрсетіп бергендей ой тудырған еді. 

"Бұл қазіргі оқулықтарда жазылғандардың көбісін теріске шығаратын парадигманың айтарлықтай алға басуы",- деп мәлімдеді осы жаңалыққа орай Давостағы Калифорния университетінің зерттеушісі Стефан Ковальцуковски (Stephen Kowalczykowski).

ДНК-ның қосарлы спиралды молекуласы төрт негізгі азотты негізден, атап айтқанда, аденина, гуанина, цитозина және тимина (А, Г, Ц, Т) тұратын генетикалық материалдың  өрілген екі тізбегінен тұрады. Репликация гер-ақуыз деп аталатын энзим өрілуден "ашылып", қос спиралды екі тізбекке біріктірген кезде жүреді. ДНК-праймаза деп аталатын екінші энзим  праймерді синтездеп, бөлек тізбектен олардың әрбіреуін біріктіреді. Ал үшінші энзим - полимераза праймерге бекітіліп, жаңа қос спирал пайда болуы үшін қажетті негізбен толықтырады. Кері бағыттан қатынайтын екі тізбектен қос тізбек пайда болатыны белгілі, ол екі тізбектің біреуі екіншісін өзімен бірге өретін жетекші, ал екіншісі "қалушы" болуы тиіс. Жетекші тізбек ажырағанда энзимдер негізбен толықтырады, бұл оригинал қалушы тізбектегіге де ұқсас, қалушы бөлігі ажырағанда энзимдер оған жетекші тізбектің көшірмесін жасап береді. Ғалымдар көпке дейін басқаша ойлап келіп еді: ДНК-нің жетекші және қалушы тізбектеріндегі полимеразасы қандай да бір жолмен репликациялық процесс барысында бір-бірімен үйлесім табады. Сондай-ақ, олар процесс кезінде бір-бірімен шиеленісіп қалмау үшін әрі мутация пайда болмасы үшін бірі екіншісін әдейі қуып жетпейді деп тұжырып келген еді. Ал видеодан ешқандай үйлесім байқалмайды - тіпті, әр тізбек бір-біріне тәуелді болмай өз бетінше әрекет етеді, сонда да нәтижесінде дәл көшірме пайда болады. Сауал осы тұстан туындап отыр? Ғалымдар екі тізбектің репликация кезінде бір-біріне тәуелді болмай, бірінің жылдамдығы баяу болса да, екіншісі кенеттен күрт аялдап, бірден старт алса да дәл көшірме шығатынына бас қатыруда. Ғасыр жұмбағы демей көріңіз! 

Зерттеу барысы мен нәтижесі Cell ақпарат көзінде жарияланған.

 

0 пікір
Мұрағат