Ғалымдар тағамнан майды алып тастайтын ыдыс ойлап тапты
Ғалымдар тағамнан майды алып тастайтын ыдыс ойлап тапты
8 жыл бұрын 2649 inform.kz massaget.kz stan.kz maturidi.kz

Таиландта артық салмақпен күресетін тәрелке жасалды. Оған "Absorbplate" деген атау берілді. Онда артық май ағып кететін кішкентай тесіктері бар. Осы ыдыстың көмегімен бір тағамнан 7 мл май кетеді екен. Бұл шамамен 30 ккалды құрайды немесе одан да артық. Бұл май түріне байланысты, деп жазады шетелдік БАҚ. Осыған дейін ғалымдар үлкен ыдыс артық тамақты жеуге, ал ол артық салмақ қосуға алып келетінін айтқан болатын. Үлкен ыдыстан бас тарту  калорий мөлшерін біршама азайта алады. Бұл мәліметтер 6,7 мың еріктіні зерттеуге қатыстыру кезінде анықталды.

Ғалымдар артық салмақпен күресудің жаңа тәсілін тапты

Зерттеушілер мыстың семіруге қарсы жаңа тәсіл ретінде пайдалануға болатынын анықтады. Бұл металл нутриент май жасушаларын ажыратуда бастапқы рөл атқарады. Мыстан ұзақ уақыттан бері ыдыс-аяқ, электроника, зергердік бұйымдар және осыған ұқсас басқа да заттарды дайындау үшін пайдаланылып келген. Алайда, соңғы ғасырда аталған металл ағзадағы атқаратын белгілі бір биологиялық қызметтерге әсері өзіне үлкен назар аудартты. Мыстың қызыл қанды ағзаларды қалыптастыру, темірдің сіңірілуі, біріктіруші тіннің дамуы және иммундық жүйені қалпында сақтау үшін пайдалы екені анықталған. Ал енді ғалымдар мыстың майдың зат алмасудағы рөлін де дәлелдеп шықты. Берклидегі Калифорния университетінің зерттеушілері мыстың энергия көзі ретінде пайдалынатын май жасушаларын ажырату үшін қажет екенін анықтады. Онда мыс реттеуші рөлін атқарады. Ағзада мыс неғұрлым көп болса, соғұрлым майдың үлкен көлемі ажыратылады. Зерттеу авторлары мыстың жетіспеушілігі семіздік және онымен байланысты ауруларға әкеліп соқтыра алатынын да шамалап отыр. Ғалымдар бұл металдың ағзада өздігінен шығарылмайтынын, және мыстың қажетті көлемі азық-түліктердің көмегімен алынуы тиіс екенін еске салады.

0 пікір
Мұрағат