Ғалымдар қатерлі ісіктен сақтанудың негізгі әдісін атады
Ғалымдар қатерлі ісіктен сақтанудың негізгі әдісін атады
7 жыл бұрын 6375 Baq.kz

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мамандары АҚШ-та анықталған қатерлі ісіктердің 40 пайызы семіздіктен немесе артық салмақ ықпал ететін басқа да себептерден пайда болғанын анықтады. Осылайша, саламатты өмір салтын ұстану қатерлі ісіктің алдын алудың негізгі әдісі саналып отыр. Бұл туралы MedicalXpress сайты жазды. 

Зерттеуге ракқа шалдыққан 630 мың америкалық қатысты. Ғалымдар семіздік пен қатерлі ісіктің 13 түрі – ми, өңеш, сүт безі, қалқанша без, өт қабы, асқазан, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, аналық без, жатыр, тоқ ішек және көп ошақты миелома қатерлі ісігі арасында байланыс бар екенін анықтады. Бұл ауру түрлері АҚШ-та 2014 жылы тіркелген қатерлі ісіктің 40 пайызын құрап отыр.

Семіздікпен байланысты қатерлік ісіктер саны 2005 және 2014 жылдар аралығында жеті пайызға артқан.

CDC рак ауруларының алдын алу және бақылау бөлімінің директоры Лиза Ричардсонның (Lisa Richardson) айтуынша, салмақтан арылу қатерлі ісікке шалдығу тәуекелін азайтуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат