Екі жасанды зерде бір-бірімен тілдесуді үйренді
Екі жасанды зерде бір-бірімен тілдесуді үйренді
29 күн бұрын 772 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамның қарым-қатынас дағдыларын және AI арасындағы өзара білім беру әдістерін моделдеді. Олар қоры үлкен деректерсіз тапсырмаларды орындауға бір-бірін үйретуге машықтандырылды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жасанды зерде (AI) технологиясының келесі эволюциясы бір-бірімен тікелей байланыса алатын және тапсырмаларды орындауға үйрететін агенттерді құруды қамтуы мүмкін. Ғалымдар тек жазбаша нұсқаулар негізінде оқуға және тапсырмаларды орындауға қабілетті AI желісін моделдеді. Содан кейін бұл AI келесі жасанды зердеге не үйренгенін сипаттап берді. Екінші АІ алдын ала дайындықсыз немесе оны орындау тәжірибесі болмағанына қарамастан тапсырманы ойдағыдай орындады. Алғашқы AI өзінің «ағасымен» табиғи тілді өңдеу (language processing, NLP) арқылы байланысқан. NLP – жасанды зерде саласы. Оның мақсаты  машиналардың нұсқауларды табиғи түрде түсініп, жазбаша мәтінді немесе сөзді шығара алатындай етіп компьютерлерде «адам» тілін қайта жасауға саяды. Бұл сала нейрондық желілерде құрастырылады, ол машиналық оқыту алгоритмдерінің жиынтығы болып табылады. Женева университетінің нейроорталық жетекшісі Александр Пуже екі жасанды зерденің лингвистикалық тәсілмен өзара байланысқа алғаш рет түскенін мәлімдеді. Ғалымдар мұндай білім трансфертіне, яғни, білім беру тәсіліне бұрын адам тілін түсінуге үйретілген «S-Bert» NLP үлгісін қолдану арқылы қол жеткізді.

0 пікір
Мұрағат