Діңгекті жасушалардың бір құпиясы ашылды
Діңгекті жасушалардың бір құпиясы ашылды
2 жыл бұрын 1689 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биохимия кафедрасының доценттері Сихем Челуфи мен Джерн Мурн CAF-1 ақуыз кешенінің діңгекті жасушалардың жұмысын қалай бақылайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Діңгекті жасушалар бөлінгенде олар жаңарады, яғни, өздерінің көшірмесін жасайды – немесе белгілі бір желіде жетіледі. Ғалымдар діңгекті жасушаларың бұл функцияны қалай орындайтынына үңіліп көрген екен. Жасуша бөлінген сайын ол өзінің геномының дәл көшірмесін жасауы керек - тек ДНҚ тізбегін ғана емес, сонымен қатар, ДНҚ мен ақуыздардың хроматинге қалай оралғанын да. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жасушалар бірдей бөлінуі үшін барлық ақпарат геномның жаңа көшірмесіне тасымалданады. Мұны протеиндік кешен - CAF-1 жүзеге асырады. Бұл тарапта ғалымдар өзін-өзі жаңарта алатын немесе нейтрофилдерге - біздің денеміздің патогендерге қарсы алғашқы қорғаныс шебі болып табылатын бөлінбейтін жасушаларға айнала алатын жетілмеген қан жасушаларын пайдаланды. Ғалымдар анықтағандай, CAF-1 ақуыз кешені осынау жетілмеген қан жасушаларының өз-өзін жаңартуына ықпал етіп қоймай, сонымен қатар, олардың бірдейлігін қамтамасыз етеді. Тіпті. аталған ақуыз мөлшері сәл төмендесе, жасушалар бірдейлігін жоғалтып, аралас текті сатыға өтеді.

Ұқсас материалдар:

"Ғалымдар діңгекті жасушаларды дыбыстың көмегімен сүйекке айналдырды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-dingekti-jasushalardy-dybystyn-komegimen-suiekke-ainaldyrdy-16460/#gsc.tab=0);

"Діңгекті жасушалар «анасы» регенеравтивті медицина саласына өзгеріс әкеледі" (https://islam.kz/kk/news/gylym/dingekti-jasushalar-anasy-regeneravtivti-meditsina-salasyna-ozgeris-akeledi-16535/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат