Дін мен дене жаттығуының арасында да байланыс бар болып шықты
Дін мен дене жаттығуының арасында да байланыс бар болып шықты
7 жыл бұрын 3391 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ ғалымдары дін мен жаттығудың арасында да байланыс барын анықтаған. Нақтырақ айтқанда, әлемге әйгілі Гарвард университетінің мамандары ұдайы жаттығатындарды зерттеп көрген екен. Олардың тұжырымы бойынша ұдайы жаттығу адамдардың рухани қажеттілігін белгілі бір деңгейде өтей алады. «Дене шынықтыруға арналған кеңістік бірігіп тәжірибе жинақтайтын және алмасатын орынға айналады. Бұл қауым өздерінің жеке іс-әрекетіне деген жауапкершілігін қалыптастырады. Дінде де солай. Бұған қоса, жаттығу залына келетіндер бір-біріне қолұшын беруге дайын тұрады»,- деді Гарвардтың ғылыми қызметкері Каспер тер Куиль. Тағы бір айта кететін жайт, бодибилдердің көбісі дүниені бір сәт ұмыту үшін жаттығатынын да жасырмаған. 

0 пікір
Мұрағат