Әлемде ағаштың 73 мың түрі өседі, оның 10 мыңы әлі ашылмаған
Әлемде ағаштың 73 мың түрі өседі, оның 10 мыңы әлі ашылмаған
2 жыл бұрын 1991 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жер бетінде ағаштың 73 мың түрі өседі. Бұл осы уақытқа дейін белгілі болып келгендеріне қарағанда 14%-ға артқан. Олардың он мыңы адамзат пен ғылымға әлі белгісіз. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық ғалымдар тобы 38 млн ағаш туралы ақпарат кездесетін деректер базасындағы мәліметтерді талдай келе осмындай тұжырымға келіп отыр. Бұл бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың есебінше, шамамен 64 мың ағаш түрі белгілі. Олардың шамамен 43%-ы Оңтүстік Америкада, 22%-ы ЕураАзия құрлында, 16%-ы Африкада, 15%-ы Солтүстік Америкада,  11%-ы Океанияда өседі. Түс градиенті неғұрлым қанық (сарыдан қызылға дейін) болса, планетаның белгілі бір аймағында ағаш түрлері соғұрлым мол өседі. Бұл тарапта Оңтүстік Америкада өсетін ағаштардың әлі 40%-ы адамзат пен ғылымға белгісіз. Соның ішінде ит тұмсығы батпайтын Амазония орманында. Дегенмен планетадағы ағаштардың кейбір ағаш түрлерінің үштен бірі жойылу алдында тұр.

0 пікір
Мұрағат