100 мың тұтқын жұмысқа жегіледі
100 мың тұтқын жұмысқа жегіледі
2 жыл бұрын 1812 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин әділет министрі Константин Чуйченконың түрме қабырғасында жазасын өтеп жатқан тұтқындарды жұмысқа мәжбүрлеп жегу туралы бастамасына қолдау білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Кремл сайтына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РФ әділет министрлігі келтірген дерекке қарағанда, мұндай мәжбүрлеу шарасы шамамен 100 мың тұтқынға қолданылады. Мұндай шараның артықшылығы – тұтқындар өз тамағын ақтап қана қоймай, табыс тауып, азат өмірге дайындалады. Бұл шара бюджетке де тиімді. Аталмыш минитсрлік мәліметі бойынша Ресей Федерациясы аумағында 2000-шы жылы 1,06 млн адам бас еркінен айырылып, темір торға қамалған, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 483 мың адамды құраған. 

0 пікір
Мұрағат