Адамның табиғи өмір сүру ұзақтығы белгілі болды
Адамның табиғи өмір сүру ұзақтығы белгілі болды
4 жыл бұрын 5185 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар атап өткендей, осы заманғы адам медицина мен ғылым жетістіктеріне, сондай-ақ, өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты әлдеқайда ұзақ өмір сүретін деңгейге жеткен. Ал адамның табиғи өмір сүру ұзақтығы ары кетсе 38 жасты құрайды. Бұл жайында Австралиның ғылыми және қолданбалы мемлекеттік біріккен зерттеу ұйымы мәлім етті. Олардың бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Scientific Reports мерзімді басылымында жарияланды. «Біздің әдісіміз ДНК анализіне негізделген. Биологиялық түрдің гендік бірізділігі белгілі болғандықтан оның өмір сүру ұзақтығын анықтауға болады. Бүгінгі күнге дейін жабайы жануарлар үшін бұл мәнді білу айтарлықтай күрделі болып келген еді. Мәселен, теңіз сүтқоректілері мен балықты айтуға болады»,- деді CSIRO ғылыми агенттігінің өкілі Бенджамин Мэйн. Тәжірибе барысында ғалымдар 262 омыртқалы сүтқоректілер гені пайдаланылып, 42 гендегі өзгерістерді қадағалаған. Метилирования деп аталатын ішкі биохимиялық процесс белгілі бір гендерді таңбалап, қоса алады және ажырата алады. Бұл жағдайда ғалымдар өмір сүру ұзақтығына жауап беретіндеріне назар аударған. Африкалық пілдер (65 жыл) туралы мағлұматтар негізінде мамонт пен орманды мекен еткен тік, сойдақ тісті пілдің өмір сүру ұзақтығын білудің сәті түскен – 60 жыл. Ал Пинта аралында тіршілік еткен, кейін тұқымы тұздай құрыған алып тасбақаның ғұмыры шамамен 12 жылды құраған. Сондай-ақ, греландтық киттің моделденген жасы ойлағандай 60 жыл емес, тұтас екі ғасырды артығымен артқа тастағаны таңқалдырады – 268 жыл. Мұның бәрін неге тәпіштеп айтып отырмыз? Ғалымдардың сөзіне қарағанда, өмір сүрудің табиғи ұзақтығын анықтау арқылы жабайы табиғатты сақтап, олардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

0 пікір
Мұрағат