Адам миында ақпараттың қалай сақталатыны анықталды
Адам миында ақпараттың қалай сақталатыны анықталды
2 жыл бұрын 1352 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адам миының ақпаратты қалай сақтайтынын анықтады. Бұл жаңалық өз кезегінде жас ұлғая келе жабысатын жадының нашарлауына қарсы терапияның пайда болуына ықпал еті мүмкін немесе алдын алуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу барысында Массачусет технологиялық институтының ғалымдары тышқандарға тәжірибе жүргізе келе шытырманда бағдар алу үшін есте сақтауға көмектесетін алдыңғы таламустың маңызды алгоритмін тапқан болатын. Ғалымдар, сонымен қатар, алгоритмнің кәрі кеміргіштерде нашар жұмыс істейтінін де анықтаған еді. Егер оның белсенділігін арттарса, жадыда сақтау қабілетін арттыратын болады. Жас ұлғая келе адам жадысы нашарлайды. Бұл жайт өз кезегінде күнделікті тірлігіне кедергі келтіреді. Жадының осынау түрімен байланысты негізгі ми аймағының бірі – алдыңғы таламус, ол ең алдымен кеңістікте бағдар алуға көмектеседі, сондай-ақ, қоршаған орта туралы, дәлірегі, айналасы туралы ақпаратты сақтайды. Бұрынғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алдыңғы таламус зақымдалса, кеңістікте бағдар алу жадысы зардап шегетін болады. Жасы ұлғайған қарт адамдардың алдыңғы таламус белсенділігі төмендейді осыған байланысты кеңістікте бағдар алуы қиындайды. Алдыңғы таламус үш бөлікке бөлінеді: вентралды, дорсалды және медиалды. 2021 жылы жарияланған зерттеуде ғалымдар алдыңғы дорсалды (AD) таламус пен алдыңғы вентралды (AV) таламустың жадты қалыптастырудағы рөлін зерттеді. Олар AD таламусының әртүрлі физикалық кеңістіктердің психикалық карталарын жасауға қатысатынын анықтады, ал AV таламусы миға бұл естеліктерді басқалардан ажыратуға көмектеседі. Жаңа зерттеуде ғалымдар AV таламусын және оның кеңістіктік жадтағы рөлін тереңірек қарастырғысы келді. Бұл мақсатта олар тышқандарды қарапайым T- лабиринтінен өтуге үйретті. Әрбір сынақтың басында тышқандар T нүктесіне жеткенше жүгірді. Жолдардың бірі бітелгенімен кеміргіштер басқа жолмен жүгірді. Содан кейін тышқандарды екі жағы да, яғни, екі жолы да ашық шытырманға орналастырылды. Тышқандар алдыңғысынан кері бағыттағы жолмен шығуды таңдаса, ынталандыратын қорекпен марапатталды. Бұл жағдайда дұрыс шешім қабылдау үшін олар алдыңғы тәжірибе кезінде қай жаққа бұрылғанын есте сақтау керек болды. Тышқандар тапсырманы орындаған кезде ғалымдар тапсырманың үш түрлі бөлігінде AV немесе AD нейрондарының белсенділігін басу үшін оптогенетиканы қолданды. AV нейрондары тапсырманы орындауда ақпаратты есте сақтау үшін ең маңыздысы болып шықты. Керісінше AD нейрондарының тежелуі тышқандардың таңдау кезіндегі өнімділігін төмендеткен, алайда, кешігу сатысына тигізген әсері аз болды. Бұл нәтиже өз кезегінде AD нейрондарының нақты кеңістікке қатысты ақпараттарды есте сақтауға көмектесетінін көрсетіп берді. 

0 пікір
Мұрағат