Адам миынан жағымсыз естеліктерді басатын «апатты жүйе» табылды
Адам миынан жағымсыз естеліктерді басатын «апатты жүйе» табылды
2 жыл бұрын 1602 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Креспо Гарсия, JNeurosci, 2022

Ғалымдардың халықаралық тобы адам миынан өзгеше «апатты жүйені» тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Jneurosci мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім еттеді. Оның аймақтарының бірі адам жағымсыз естеліктерді еске алғысы келгенде мидың қалған аймақтарына бұл талпынысты басуға «шақырады». Ғалымдар бұл тарапта жүргізілген тәжірибеге қатысқан адамға арнайы тапсырма берілгенде оның ми белсенділігін электроэнцефалограмма мен магнитті-резонанстық томорафия көмегімен өлшеп қадағалаған екен. Тәжірибеге қатысушыларға сөздер жинағын (мысалы, қақпа және пойыз) және бірнеше кілт сөздерді (қақпаны қараңыз, пойыз туралы ойлаңыз) есте сақтауды сұрады немесе тек кілт сөзге (қақпаны қараңыз, тек қақпаны ойлаңыз) назар аударуға тапсырма берді. Нәтижесінде проактивті жадты басу кезінде когнитивті бақылауға қатысатын ми аймағындағы алдыңғы сингулятты кортекстегі (ACC) белсенділік тапсырманың алғашқы 500 миллисекундында артатыны белгілі болды. ACC ақпаратты дорсотеральды, префронтальды кортекске (DLPFC) жіберген. Бұл өз кезегінде жадты еске түсірудің негізгі аймағына жататын гиппокамптағы белсенділікті басқан. ACC пен DLPFC белсенділігі сынақтың аяғына дейін төмен болды. Бұл жағымсыз естеліктің дер уақытында басылғанын әрі бұдан ары қарай оны басудың қажеті болмағанын білдіреді.

0 пікір
Мұрағат