Wikipedia басшысы фейк-ақпараттармен күрес бойынша сервис ашпақ
Wikipedia басшысы фейк-ақпараттармен күрес бойынша сервис ашпақ
7 жыл бұрын 2860 inform.kz

Wikipedia-ның негізін қалаушы Джимми Уэйлс БАҚ-та шындыққа жанаспайтын әрі көрінеу жалған ақпараттың таралуына қарсы күресетін онлайн-сервисті іске қоспақ.  Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлады. Тестілік режімде іске қосылғалы жатқан сервис Wikitribune деп аталады. Мәселен, Wikitribune сайтында шындыққа сәйкестікке тексерілген жаңалықтар мен өзекті тақырыптар орналастырылып тұрады. Сайтқа материалдарды жариялап отыруға редакторлар мен тілшілер тобы жауапты болады. «Біз жабық күйдегі тестілеу кезеңіндеміз. Таяу келешекте ашыламыз», - деп мәлім етті Уэйлс. Wikitribune-нің жұмысына ондаған тілші қабылданып үлгерді. Жобаны қаржыландыру ерікті ақша аударымдарының арқасында жүзеге асырылатын болады. Идея авторларының пайымынша, бұл интернет-ресурстың бейтараптығын қамтамасыз етпек. Айта кетейік, жаңалықтарды барлық интернет-қолданушылар редакциялай алады. Алайда олар ресурс қызметкерлерінің тексерісінен кейін ғана жарияланып отыратын болады.

0 пікір
Мұрағат