WhatsApp номердің өзгергенін ескертетін қызметті іске қосты
WhatsApp номердің өзгергенін ескертетін қызметті іске қосты
6 жыл бұрын 3019 tengrinews.kz

WhatsApp-та номер өзгерту мүмкіндігі пайда болды, деп жазды life.ru.

Порталдың хабарлауынша, бұл мүмкіндік әзірше Android қолданушыларға ғана берілген. Алайда, көп ұзамай iPhone және Windows Phone үшін де бұл өзгеріс іске қосылатын болады.

"Интернетте WhatsApp қосымшасының жаңа нұсқасы пайда болды, ол Android-құрылғысын қолданушылардың белгіленген контактыларына номердің өзгергені туралы хабарлай алады", - делінген жарияланымда.

Мессенджердің жаңартылуы "Номерді өзгерту" базалық функциясын кеңейту арқылы жүзеге асырылған. Жаңартылған қызметтің көмегімен WhatsApp қолданушылары баптауды, ақпаратты және топтарды көшіре алады.

Айта кетейік, WhatsApp мессенджерінің бета-нұсқасы орнатылған соң қолданушылардың барлығына номердің өзгергені туралы ескертуге болады.

0 пікір
Мұрағат