Wikipedia-ның негізін қалаушы: «Биліктің интернетті реттеуі аса қауіпті құбылыс»
Wikipedia-ның негізін қалаушы: «Биліктің интернетті реттеуі аса қауіпті құбылыс»
6 жыл бұрын 3505 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғаламтор пайдаланушыларының мәліметтерін құпия ұстап, қорғау жауапкершілігін биліктің емес, жекеменшік компаниялардың қолына беру керек. Бұл жайында таяуда Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарж қаласында өткен 7-ші халықаралық үкіметаралық коммуникациялық форумда әлемге әйгілі Wikipedia электронды энциклопедияны ойлап тапқан Джимми Уэйлс мәлімдеді. Әлемнің әр түкпірінен 3 мыңдай адам жиналған (бизнес ортаның өкілдері, сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары тілшілері, ғалымдар) айтулы шарада бүгінгі таңда игілігін күллі әлем пайдаланатын интернет төңірегінде көп айтылды. «Билік кез келген өз-өзін ақтап алатын себепті желеу етіп, ақпараттың кез келген түріне бұзып кіруі мүмкін. Ол ақпаратты өзінің мүддесіне пайдаланып, интернет пайдаланушысына қарсы пайдалануы мүмкін. Интернетті реттеуде біз аса сақтық танытуымыз қажет»,- деді артынша сөзін толықтырып. Негізгі тақырыбы адамзат цифрлы дәуірге аяқ басқан тұста мемлекеттік құрылым мен жекеменшік компанияның тарнсформациялық рөлі, цифрлы дипломатия, медиа кеңістігінде харизманы қалыптастыру, т.б. кеңінен талқыланды. Ақпарат, коммуникация, қоғаммен байланыс, имидж қалыптастыру, т.б. салаларының басын біріктіретін ортақ алаң құра отырып, тәжірибе алмасу басты назарда болды.

0 пікір
Мұрағат