ВИЧ стигмасының қатері
ВИЧ стигмасының қатері
6 жыл бұрын 2836 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы он жыл ішінде ғалымдардың күш-жігері мен қыруар қаржының бөлінуіне байланысты ВИЧ індетімен күресу жаңа деңгейге көтерілді. Десе де әлемнің кей аймақтарында бұл проблема әлі өткір күйінде тұр, мысалы, Африкада бұл дерттен опат болғандар мен жұқтырғандар қарасы қорқынышты сипат алып отыр. Нақтырақ айтқанда, аталған құрлықта 19,5 миллион адам ВИЧ вирусын жұқтырған. 2016 жылы Африкада күніне шамамен 15 мың адам осы дертке шалдығып отырған. Вирусқа қарсы ем қан құрамындағы вирустың мөлшерін нөлдік деңгейге түсіреді, ал "анықталмайтын = жұқпайтын" концепция аясында мұндай концентрация бойынша ВИЧ-ке шалдыққан адам сау адамға жұқтыра алмайды. ВИЧ індетімен тиімді күресу үшін ВИЧ-ке шалдыққан адам емін дер кезінде алып отыру керек, ал сау адам оны жұқтырып алмаудың қамын жасап, алдын ала сақтанып жүруі тиіс. Десе де барлық шара  мен күш-жігер аталмыш дерттің стигмасынан зая кетуі мүмкін. Стигма - қоғамның ВИЧ-ке қатысты қалыптасқан теріс көзқарасынан жасқанып, дер кезінде тексерілмей, ауруды асқындырып алу. Мұндай көзқарас жойылмайынша аталған індеттің бетін түпкілікті қайтару мүмкін емес. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2030 жылға дейін індетті тоқтатуды алдына міндет етіп қойғанымен (нақтысында бұл жүзеге асатын міндет болғанына қарамастан) ВИЧ жұқтырған адамға деген теріс көзқарас өз кезегінде бұл міндетті орындалмас арманға айналдыру мүмкін. Африкалықтардың шамамен 45%-ы 2014 жылы қоғамның кемсітушілігіне ұшыраған. Стигма - ауру адамның жазылуына кедергі келтіреді. 

0 пікір
Мұрағат