Иранның долларға немесе санкцияға қарсы пәрменді шарасы: электронды валюта санкцияны айналып өтуге мүмкіндік бере ме
Иранның долларға немесе санкцияға қарсы пәрменді шарасы: электронды валюта санкцияны айналып өтуге мүмкіндік бере ме
6 жыл бұрын 3199 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның киберкеңістік жөніндегі жоғарғы кеңес хатшысы Әбілқасан Фирузабади жексенбіде көп ұзамай цифрлы валюта мәселесі бір ретке келтіріліп, елдің ресми ақшасына айналатынын мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін ел астанасы - Тегеран қаласында өтіп жатқан ELECOMP 2018 көрмесі кезінде жасады. Осылай дей келе мұндай шешім сенбі күні киберкеңістік жөніндегі жоғарғы кеңестің мәжілісінде қабылданғанын жеткізді. Бұл жайында Mehr News ақпарат көзі хабар таратты. Осы мақсатта виртуалды валютаны заңды түрде қолданысқа енгізумен шұғылданатын қоғамдық комиссия ықпалымен жұмысшы тобы құрылатын болады. Сондай-ақ, "Біз дос елдермен бірігіп жүзеге асыратын экономикалық опреацияларды орындауға арналған біріккен және ұлттық криптовалюта концепциясын әзірлейтін боламыз",- деген ол бұл мәселенің киберкеңістік жөніндегі жоғарғы кеңестің келесі жиынында талқыланатынын жеткізді. Басқару және инвестиция жөніндегі директораты жетекшісінің орынбасары Әлірез Далири ұлттық цифрлы валютаның Иранның басындағы қазіргі жағдайда АҚШ санкциясын айналып өтуге мүмкіндік беретін артықшылығын алға тартты. Осылайша ирандықтар осы заманғы технологияның көмегіне жүгініп, АҚШ-тың біржақты экономикалық оқшаулау шарасына қарсы тұрауға жәрдемдесетін тетікті қолға алды. 

0 пікір
Мұрағат