Ұзақ ғұмыр сүретін адамдардың қай айда көбірек дүниеге келетіні белгілі болды
Ұзақ ғұмыр сүретін адамдардың қай айда көбірек дүниеге келетіні белгілі болды
7 ай бұрын 764 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл өзгеше байланыстың астарын ашатын бірнеше фактор бар. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеу барысында туған ай мен ғұмыр ұзақтығының арасында байланыс барын немесе жоғын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы ResearchGate ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Чикаго университетінің (АҚШ) қарттық, өлім-жітім және ұзақ ғұмыр жөніндегі сарапшылары шамамен 100 жасқа дейін өмір сүрген, 1880-1895 жылдар аралығында дүниеге келген 1574 адамның деректерін зерттеп, зерделеді. Олардың мәліметтері өз кезегінде бір ғасырдай өмір сүрген  аға-әпкелеріне, сондай-ақ, олардың жұбайлары туралы мағлұматтармен салыстырылды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ұзақ ғұмыр сүргендердің көпшілігі күзде, қыркүйек пен қараша айларының арасында дүниеге келген. Наурыз, мамыр және шілде айларында өмір есігін ашқандар арасында керісінше ұзақ өмір сүргендер қарасы 40%-ға аз болды. Соның ішінде қараша айында дүниеге келгендер арасында ұзақ ғұмыр сүргендер саны жоғары. Мұның сырын жаз мезгіліне ми белсенділігінің қалыптасуымен түсіндіреді. Өйткені, жазда адамдар дәрумендер мен микроэлементтерге бай көкөніс пен жеміс-жидекті молынан тұтынады. Бұл жайт өз кезегінде болашақ ұрпақтың денсаулығын мығым етеді.

Ұқсас материал:

«Ғалымдар адамдардың жылдың қай уақытында дүниеге көп келетінін анықтады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/galymdar-adamdardyn-jyldyn-qai-uaqytynda-duniege-kop-keletinin-anyqtady-18954/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат