«Халал Дамудың» «Shendy» құтысына құйылған «Компотай» сусынына қатысты ресми жауабы
«Халал Дамудың» «Shendy» құтысына құйылған «Компотай» сусынына қатысты ресми жауабы
6 ай бұрын 611 halaldamu.kz

Тұтынушылар тарапынан келген толассыз сұрақтар мен шағымдардан кейін «Халал Даму» мамандары бірқатар шараларды орындады.

Атап айтқанда:

1.    Cусынның құрамында спирттің бар-жоқтығын анықтау үшін зертханалық талдау жасалды. Физика-химиялық және органолептикалық көрсеткіштердің салыстырмалы нәтижесіне сәйкес, «Shendy» құтысындағы «Компотай» сусынында спирт мөлшері  0.00%. Яғни сусын құрамында спирт мүлдем жоқ екені анықталды;

2.    «Жигалма» ЖШС-нан ресми жауап алынды. Хатта көрсетілген жауапқа сәйкес, кәсіпорын ыдыс жасауға арналған Тайваньдық өндіріс машинасын сынау мақсатында  «Компотай» және «Ai Tea» алкогольсіз сусындар құтысының сынақ партиясын шығарады. Бұл ретте 0,45 л «Shendy» алкогольдік сусынының құтысы пайдаланылды. Алайда, мамандар тарапынан орын алған қателік салдарынан сынақ өнімдері сауда орындарына жөнелтілген. Қазіргі таңда кәсіпорын барлық сынақ өнімдерін сауда орындарынан қайтарып алуда.

3.     «Жигалма» кәсіпорынды алкогольді өнімдер шығармайды.  2022 жылы «Shendy» алкогольдік өнімі шығарылымнан және сатылымнан алынған.

Қорыта келе, «Shendy» құтысына құйылған «Компотай» сусынының алкогольсіз өнім екенін және мұның өндірістік процесс барысында жіберілген қателік екенінін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат