Ұшатын шаңсорғыш (видео)
Ұшатын шаңсорғыш (видео)
4 жыл бұрын 2504 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық инженер және ютубер Питер Шрипол үй шаруасында көм көмегін тигізетін тұрмыстық роботтарды жетілдірудің жаңа кезеңін бастап берді десе болады. Өйткені, ол доңғалақпен жүретін тұрмыстық құралдардың жолындағы кедергілерді қалай еңсеру керектігіне, баспалдақпен жоғары қабатқа өздігінен қалай жетуі керек екеніне бас қатырып, өзі ойлап тапқан әрі құрастырған құрылғыны сынақтан өткізіп көрді. Жоба авторының ойынша, ең ұтымды әрі оңтайлы жолы – құрылғының өздігінен ұшуы деп біледі. Осы мақсатта, яғни, ойындағысын жүзеге асыру үшін аталған елде кеңінен пайдаланылатын Roomba маркалы шаңсорғышқа мультикоптердің бірнеше пропеллерін бекітеді. Содан соң оны роботтың энергетикалық жүйесіне қосады, қашықтан басқару тетігін орналастырады. Алайда, нәтижесі соншалықты әсерлі шыққанымен соншалықты түкке алғысыз болып қалды. Шаңсорғыш кедергінің үстінен оңай ұшып өткенімен өзін жоғары көтерген желден қоқыс жан-жаққа шашылады. Бұдан бөлек, оның қозғалысының дәлдігі операторға толық байланысты. Бұл да кемшілік. Оның үстіне, қуаты тез таусылып қала береді. Ақыр соңында шотқа салып есептеп кеп жібергенде зауыттан шыққан шаңсорғышты жетілдіру үшін 200 доллар шығын көрген – бастапқы бағасынан екі есе қымбатқа түскен. Десе де бұл тәжірибе тұрмыстық техникаларды одан ары жетілдіру бағытында өзгелерге ой салатындығымен қымбат.

0 пікір
Мұрағат