Қалыңдық күйеуімен ажырасып кеткен жағдайда үйлену тойының суреттерінің ақшасын қайтарып беруді сұрады
Қалыңдық күйеуімен ажырасып кеткен жағдайда үйлену тойының суреттерінің ақшасын қайтарып беруді сұрады
4 жыл бұрын 2048 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда қалыңдық кейін күйеуімен жараспай ажыраса қалған жағдайда үйлену тойында түскен суреттерінің ақысын қайтарып беруін сұрады. Фотографтан. Бұл жайында Reddit ақпарат көзі хабар таратты. Фотограф осындай өтінішпен өз атына жолданған электрондық хаттың көшірмесін жариялай отырып, мұндай шартқа келіспейтінін, яғни, мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынын мәлімдеді. «Үйлену тойы Лондонда маусым айында өтеді. Бюджеті – 1,5 мың фунт»,- деп жазыпты фотограф. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша фотограф қалыңдық күйеуімен ажыраса қалған жағдайда ақшасын қайтарып беруі тиіс. Өйткені, ажырасқан жағдайда мұндай үйлену тойының фото-суреттері керек болмай қалады. «Өтінемін, сіздің контрактіңізде осындай жолдар болса немесе бұл шартты енгізетін болсаңыз, хабарласыңыз. Рахмет!»- деп жазыпты қалыңдық. Қалыңдықтың бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырған, дәлірегі, қалыңдықтың ессіз әрі оғаштау әрекетіне наразылық білдіргендер қарасы көп. «Мұндайға кім келісімін береді? Бұл барып тұрған ессіздік қой»,- деп біреуі жазғырса, тағы бірі: «Отбасын сақтай алмағаның үшін өзге біреу кінәлі ме?!», - деп сөккен екен.

Пікір білдірілмейді.
Мұрағат