Тек ағаштан тұрғызылған 18 қабатты зәулім үй (видео)
Тек ағаштан тұрғызылған 18 қабатты зәулім үй (видео)
5 жыл бұрын 4012 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша тек ағаштан соғылған ең биік көп қабатты ғимарат Норвегия аумағында ғана. Жуырда Жапония да биіктігі 350 метрге жететін ағаштан зәулім үй тұрғызатындарын жария еткенімен әзірге ол жоба күйінде қалып отыр. Скандинавия түбегіндегі Брумунндал (Brumunddal) қаласында тұрғызылған зәулім ағаш үй Мьёса көлінің маңында орын тепкен. Mjøstårnet деп аталатын, биіктігі  85,4 метрге жететін бұл үй әлем бойынша ағаштан тұрғызылған Канада аумағындағы ең биік (53 метр) Brock Commons-тан асып түсіп, рекорд жаңғыртты. Аталмыш үй құрылысында ламинирленген, бір-біріне жабыстырылған, тығыздалған ағаш массасы пайдаланған. Берік әрі отқа жөпшеңді жана қоймайды. Бұл зәулім үйдің аумағы 11,3 шаршы метрді алып жатыр. Аталған ағаштан соғылған қонақ үйдің ішінде мейрамхана, кеңсе, хауыз бар. Бұл ағаштан соғылған үй  Arup халықаралық инженерлік-жобалау компаниясының «Ағаш ғимараттарды қайта ой елегінен өткізу: ғимараттарды жобалауда және құрылысын жүргізуде ағашты пайдалануға қатысты жеті көзқарас» деп аталатын баяндамасында мысалға алынған. Қоршаған ортаны ластамау мақсатында қолға алынған бұл жоба жылдан жылға қарасы көбейіп келе жатқан адамзаттың баспана мәселесін шешіп бере алмайды. Десе де экономикалық әрі экологиялық жағынан барынша тиімді жобаны ағаш молынан кездесетін жерде пайдалануға әбден болады.

0 пікір
Мұрағат