Ширек ғасыр болыпты, ауызашар беріп келе жатқанына
Ширек ғасыр болыпты, ауызашар беріп келе жатқанына
6 жыл бұрын 3560 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігіне қарасты Әбу-Даби полициясының бұрынғы жетекшісі әл-Мехайраби жыл сайын қасиетті Рамазан айында ораза ұстағандардан күніне 500-ге тарта адамға ауызаштыруды дәстүрге айналдырған. Игілікті істі жүзеге асырып келе жатқанына табана күректей 25 жылдың жүзі болыпты. Қасиетті Рамазан айында ол жүздеген адамға ауызаштыру үшін күн сайын 15 ешкі, 350 тауық сойдырады екен. Мехайриби бұл дәстүрді ата-бабасынан алғанын мақтана жеткізді. Тек Әбу-Даби қаласында ғана емес, сонымен қатар, Йеменде де қайырымды ісімен аты шыққан. Міне, аттай он бес жыл өтіпті, қасиетті Рамазан айында, аталған ел аумағындағы 15 мешіттің әрбіреуінде 150 адамға дейін ауызашар ұйымдастырып келе жатқанына. 

0 пікір
Мұрағат