Түріктер африкалық болашақ хафыздарға жарық тартып берді (фото)
Түріктер африкалық болашақ хафыздарға жарық тартып берді (фото)
6 жыл бұрын 3689 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркиядағы адам құқығы мен бостандығын қорғау әрі гуманитарлық көмек қорының (IHH) өкілдері ислами білім беруді дамытуға бағытталған науқан аясында Суданның Ньяла қаласында 145 шәкірт дәріс алып жатқан Құран хафыздары мектебін электр қуатымен жабдықтап, жарық тартып берді. Африкалық болашақ хафыздардың дені ата-анасынан жастай айырылған жетім балалар. Бұл жайында түріктердің Akşam ақпарат көзі хабар  таратты. Сондай-ақ, аталған қор қызметкерлері қасиетті Құран даналарын тегін таратты. Осыған дейін шәкірттер қараңғы батқанда ортаға жағылған оттың жарығымен оқып келген еді. Бұл қайырымды іске Мерхуме Айша Полат есімді мұсылман әйел демеушілік көрсеткен. Аталған хафыздар мектебінің ауласын жарықтандыру үшін күн панелдері орнатылды. Африканың шығысында аталмыш қордың қызметін үйлестіруші Фарук Ерқылыштың айтуынша, қордың жұмысы мұнымен шектеліп қалмайды: жергілікті ауруханаларға, балалар үйіне, білім ошақтарына, т.б. алдағы уақытта жарық тарту жұмыстарын жүргізеді. Электр жарығынан таршылық көріп отырмаған елдер үшін бұл елеусіз іс көрінер. Алайда, африкалықтар үшін бұл "аспандағы айды алып" бергенмен бірдей маңызды шара. 

0 пікір
Мұрағат