Шариғат факультетін 70 жасында тәмамдады
Шариғат факультетін 70 жасында тәмамдады
8 жыл бұрын 2370 muslim.kz

Түрік елінің Адан қаласында тұратын Махмут Иылмаз есімді қария Чукуров университетінің шариғат факультетінің дипломына 70 жасында қол жеткізіп отыр. Қария өз оқуын осыдан 36 жыл бұрын үзген көрінеді. Дегенмен, 2011-жылы ол аяқсыз қалған оқуын жалғастырмақ болып, аталмыш оқу ордасына қайта сынақ тапсырады.

Осылайша, 65 жасында студент атанып, оқуға кіріседі. Қарияның айтуынша, қартайған шағындағы оқу еш қиындық тудырмаған көрінеді. Тек ағылшын тілі пәнін меңгерудің машақаты көп болғанға ұқсайды. 

0 пікір
Мұрағат